Жаңалықтар

Бірлігіміз бекем болса, ертеңіміз еңселі

Бүгінгі сайлау – ертеңгі ел игілігінің кепілі. Еліміздің болашағына әсер ететін осындай маңызды науқанға әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан, көп болып ұйысып, таңдауымызды жасауымыз керек. Себебі, бүгінгі берілген әрбір дауыс – мемлекетіміздің ертеңгі даму бағытын айқындайтын елеулі күш.

Мен халықтың сайлауға деген белсенділігін билік пен үкімет жұмысына берілетін шынайы баға деп білемін. Халықтың сенімінен шығу үшін билік пен қоғам арасындағы ашық диалог пен өзара ынтымақты одан әрі нығайту аса маңызды. Екі тараптың бірлесе әрекет етуі ғана ортақ мүдделердің тиімді жүзеге асуына жол ашады.

Ертең халық сеніміне ие болып, сайланған депутаттар ел үшін аянбай, қалтқысыз қызмет ете білсе, жұртшылық та дән риза болар еді. Халық қалаулылары қарапайым азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, уәделерін нақты іспен дәлелдеуі керек. Тек сонда ғана қоғамда әділдік орнап, азаматтардың болашаққа деген сенімі арта түседі.

Осындай оң өзгерістер мен табанды еңбектің нәтижесінде еліміз экономикалық әрі мәдени тұрғыда жаңа белестерге көтерілуі тиіс. Тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және рухани құндылықтарымызды дәріптеу – баршамызға ортақ мақсат. Бүгінгі саналы таңдауымыз жарқын болашаққа бастайтын берік негіз боларына сенемін.

Гүлдана МАҚШОНОВА
Мәдениет саласының үздігі

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button