ЖаңалықтарСпорт

Құрманғалиев әлем чемпионатының жартылай финалында

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Осылайша, ол ел қоржынына кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті, деп хабарлайды Оrtalyq.kz stat.gov.kz сілтеме жасап.

Сурет ҰОК

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Алан Құрманғалиев жұптық сында ирандық Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетуде. Ширек финалда қазақстандық-ирандық жұп Үндістан спортшылары Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңген.

Енді олар финал жолдамасы үшін Оңтүстік Корея өкілдері Ким Дэхван мен Ли Хёнхоға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 26 қарашаға жоспарланған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button