Қарағанды облысында жылы ауа райы сақталады
25 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен, өңірдің кейбір аумағында тұман сақталып, түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін облыс аумағында ауа температурасы түнде -3 пен +2 градус аралығында болады. Ал облыстың шығысында сынап бағанасы -6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +1…+6 градус шамасында сақталады.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Сондай-ақ, облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде солтүстік және шығыс аудандарда аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



