Бас тақырыпЖаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ресми парақшасында хабарланды.

Cурет «Самұрық-Қазына» АҚ ресми парақшасынан

Қордың мәліметінше, тиісті шешім «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының отырысында қабылданған.

Айта кетейік, бүгін, 24 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылған болатын. Ол аталған ведомствоны 2025 жылдың ақпан айынан бері басқарып келді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button