Жаңалықтар

Қарағандының даму жоспары нақты нәтижеге жете ме?

2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевелді дамытудың стратегиялық басымдықтарын айқындап, азаматтарды толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігінатап өтті. Мемлекет басшысы ірі қалалардыңорта және ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеуді, инфрақұрылымның цифрлық егізін қалыптастыруды тапсырды. Бұл бастамақалаларды жекелеген құрылыс жобаларыныңжиынтығы ретінде емес, өзара байланысқантұтас жүйе ретінде дамытуға бағытталған.

Сурет ЖИ арқылы

Осы тұрғыдан алғанда, Қарағанды облысыныңтәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Өңірдекоммуналдық желілерді жаңғырту, жаңа тұрғынаудандарын қалыптастыру, жол салу, газдандыружәне энергетикалық нысандарды қайта жаңартужұмыстары қатар жүргізілуде. Жобалардыңауқымы айтарлықтай болғанымен, олардыңорындалу мерзімі, қаржыландыру көздері мен тұрғындарға беретін пайдасын жеке-жеке бағалаумаңызды.

Инфрақұрылым: 223 миллиард теңгенің міндеті

Қарағандының дамуындағы ең өзекті мәселелердіңбірі – коммуналдық инфрақұрылымның тозуы. Қолда бар дерек бойынша, қаладағы инженерлікжелілердің тозу деңгейі 62 пайызды құрайды. Бұлжылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерініңтұрақтылығына тікелей әсер ететін көрсеткіш.

Осы мәселені шешу үшін өңірде жалпы құны 223 миллиард теңге болатын 108 инженерлікинфрақұрылым жобасы жүзеге асырылуда. Жоспарбойынша 438 шақырым коммуналдық желісалынып, қайта жаңғыртылады. Оның ішінде:

– 237,3 шақырымы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелері;
– 149,6 шақырымы – электрмен жабдықтаужелілері;
– 51,3 шақырымы – жылумен жабдықтаужүйелері.

Қаржыландыру бірнеше көзден қарастырылған. 14 жоба энергетика және коммуналдық секторлардыжаңғыртудың ұлттық жобасы аясында іскеасырылса, 33 жоба бюджет қаражаты есебіненжүзеге асырылуда. Қалған 61 жоба табиғимонополиялар субъектілерінің инвестициялықбағдарламалары арқылы қаржыландырылады.

Бұл жерде қаржыландыру көздерініңәртараптандырылуы маңызды. Өйткені,коммуналдық жүйелерді жаңарту тек бюджеткесалмақ түсірмеуі керек. Сонымен біргеинвестициялық қаражаттың тиімді жұмсалуына, жұмыстардың сапасына және тарифтік жүктеменіңтұрғындарға әсеріне бақылау қажет.

Инфрақұрылымдық жобалардың нәтижесітұрғындар үшін ең алдымен апаттардың азаюымен, ауызсу сапасының жақсаруымен, электр энергиясымен жылудың үздіксіз берілуімен өлшенеді. Сондықтан 438 шақырым желіні жаңартужұмысының аяқталуы ғана емес, оның нәтижесіндекоммуналдық жүйелердің тозу деңгейі қаншалықтытөмендегені де маңызды.

Энергетикалық қауіпсіздік: 2028 жылға дейінгіміндеттер

Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалықдамуы энергетика саласының жағдайымен тығызбайланысты. Өнеркәсіптік өңір үшін электр жәнежылу қуатының жеткілікті болуы өндірісорындарының тұрақты жұмысына да, халықтыңтұрмыс сапасына да әсер етеді.

Бұл бағытта Qarmet компаниясының ЖЭО-2 нысанында жылу қуаты сағатына 80 Гкал, электрқуаты 60 МВт болатын жаңа қазандық іскеқосылып, қуаты 130 МВт турбина ауыстырылған.

Ал Қарағанды ЖЭО-3-те жылу қуаты 180 Гкал және электр қуаты 140 МВт болатын қазандық салу жұмыстары жалғасуда. Балқаш ЖЭО-да да жылуқуаты 56 Гкал, электр қуаты 65 МВт жаңақазандықтың құрылысы жүргізілуде. Аталған екіжобаны 2028 жылы аяқтау жоспарланған.

Бұл жобалардың мерзімі қаланың ұзақ мерзімдідаму жоспарымен тікелей байланысты. Себебі жаңатұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен өндірістіккәсіпорындар көбейген сайын энергияға дегенсұраныс та артады. Егер энергетикалық қуат алдынала қамтамасыз етілмесе, жаңа аудандардың дамуыкоммуналдық шектеулерге тап болуы мүмкін.

Қысқы кезеңге дайындыққа барлық қаржыландырукөздерінен 196 миллиард теңге қарастырылған. Оның аясында 604 жергілікті қазандық, 1381 шақырым инженерлік желі, 6105 көпқабаттытұрғын үй және 1116 әлеуметтік нысандайындықтан өткен. Сонымен қатар облыстың жетіэнергия көзінде 37 қазандық пен 27 турбинаныжөндеу жоспарланып, оның 24 қазандығы мен 17 турбинасындағы жұмыс аяқталғаны хабарланған.

Дегенмен қысқы маусымға дайындық пен энергетикалық жүйені түбегейлі жаңғырту – екібөлек міндет. Біріншісі ағымдағы қауіпсіздіктіқамтамасыз етсе, екіншісі алдағыонжылдықтардағы энергия қажеттілігін өтеугебағытталуы тиіс.

Жаңа аудан: тұрғын үймен бірге әлеуметтікинфрақұрылым да қажет

Қарағандының аумақтық дамуындағы маңыздыбағыттардың бірі – Оңтүстік-Шығыс пен Көгілдіртоғандар арасындағы аумақты игеру. Мұнда жаңақалалық аудан қалыптасып келеді. Оның ерекшелігі– тұрғын үй құрылысын мектептермен, балабақшалармен, медициналық, спорттық жәнекөлік инфрақұрылымымен қатар дамыту көзделген.

Қазіргі уақытта жаңа аудан аумағында 26 көпқабатты тұрғын үй салынған. Алдағы уақыттатағы 55 тұрғын үй кешенін тұрғызу жоспарланыпотыр. Бұл 7 мыңнан астам жаңа пәтердіпайдалануға беруге мүмкіндік жасайды.

Жоспар бойынша ауданда бес мектеп, жетібалабақша және аурухана кешені салынады. Мұндай нысандардың тұрғын үй құрылысыменқатар іске асырылуы ерекше маңызды. Өйткеніжаңа шағынаудандарда халық саны артқанымен, мектеп пен балабақша жеткіліксіз болса, тұрғындарбасқа аудандарға қатынауға мәжбүр болады. Бұлкөлік жүктемесін көбейтіп, әлеуметтікқызметтердің қолжетімділігін төмендетеді.

Жаңа ауданның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – 74 гектар аумақты қамтитын спорттық кластер. Мұнда тоғыз спорт нысанын орналастыружоспарланған. Қазіргі уақытта «Шахтер» футбол академиясының құрылысы басталған.

Кластер құрамында УЕФА-ның төртінші санатталаптарына сәйкес жабық стадион, олимпиадалықспорт түрлеріне арналған әмбебап спорт аренасы, жеңіл атлетика манежі және мұз аренасы болады. Мұз аренасында 400 метрлік мұз жолы, екі хоккей корты және үш ойын залы қарастырылған.

Сонымен қатар 500-ден астам спортшыға арналғанспорт мектебі-интернат-колледжін дамыту жәнеерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт кешенін салу көзделген.

Бұл жобалардың әлеуметтік маңызы зор. Оларбалалар мен жастардың спортпен айналысуына, кәсіби спортшыларды даярлауға және инклюзивтіспортты дамытуға мүмкіндік береді. Алайданысандардың салынуымен қатар олардың кейінгіқызметін қаржыландыру, мамандармен қамтамасызету және қарапайым тұрғындар үшінқолжетімділігін сақтау мәселелері де ескерілуікерек.

Жаңа ауданның экологиялық келбетінқалыптастыру үшін шамамен 200 гектар аумақтаэкопарк құрылып жатыр. Биыл мұнда 4 мыңғажуық ағаш отырғызылып, көшеттерді суаруғаарналған тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Бұл қаланың жасыл аймақтарын көбейтіп, тұрғындардың демалыс кеңістігін кеңейтугебағытталған.

Көлік қатынасы: екі ірі ауданның байланысыжақсара ма?

Қала аумағының кеңеюі көлік инфрақұрылымынатүсетін жүктемені де арттырады. Әсіресе,Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс арасындағықатынас Қарағанды үшін маңызды мәселелердіңбірі.

Осы бағытта ұзындығы шамамен 6 шақырымболатын жаңа төрт жолақты магистраль салынуда. Жоба аясында көше жарықтандыруы, тротуарлар, автотұрақтар және велосипед жолдарықарастырылған. Жолдың бір бөлігі пайдалануғаберілген. Қалған құрылыс жұмыстарын 2027 жылыаяқтап, үшінші тоқсанда пайдалануға беру жоспарланған.

Жобаның маңызы зор, себебі Майқұдықта шамамен176 мың, ал Оңтүстік-Шығыста 120 мыңға жуықадам тұрады. Жаңа магистраль екі ауданарасындағы қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, осы аумақтардың экономикалық және әлеуметтікбайланысын күшейтуі мүмкін.

Сонымен қатар Приканал көшесінің 1,4 шақырымдық учаскесі, Университет көшесініңГапеев көшесіне дейінгі 2,4 шақырымдық жалғасыжәне Волочаев пен Бауыржан Момышұлы көшелеріарасындағы ауданішілік жолдар салынуда. Биылорташа жөндеумен шамамен 30 шақырым жолдықамту жоспарланған.

Бұл жерде басты көрсеткіш – салынған жолдардыңұзындығы ғана емес, тұрғындардың жолға кететінуақытының қысқаруы, қоғамдық көлікқозғалысының жақсаруы және көліккептелістерінің азаюы болуы тиіс.

Газдандыру және жылу желілері: тұрғындардыңкүнделікті өміріне әсері

Қарағандының ұзақ мерзімді дамуындағы тағы бірмаңызды бағыт – газдандыру. Қалада төрт кезекпен 16 іске қосу кешені арқылы жалпы ұзындығы973 шақырым газ желісін салу көзделген. Жоба 28 634 абонентті қамтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бес іске қосу кешені аяқталып, 410 шақырым газ желісі тартылған. Сонымен бірге 124 газ реттеу пункті орнатылып, газ желілері 10 376 жеке тұрғын үйге жеткізілген.

Алтыншы іске қосу кешені Күнгей және Таугүлшағынаудандарын қамтиды. Бұл кезеңде 202 шақырым желі тартылып, 39 газ реттеу пунктіорнатылады. Нысанды 2026 жылдың төртіншітоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Газдандырудың тұрғындарға беретін пайдасыбірнеше бағытта көрінеді. Атап айтқанда, жекетұрғын үйлерді жылыту мүмкіндігі кеңейеді, көміржағуға байланысты тұрмыстық қолайсыздықазаяды және ауа сапасын жақсартуға алғышартқалыптасады. Бірақ нақты экологиялық нәтижегазға қосылған үйлер саны мен көмір тұтынудыңқаншалықты қысқарғанына байланысты болады.

Жылумен жабдықтау саласында да ауқымдыжұмыстар жүргізілуде. М-2 және М-3 жылумагистральдары қайта жаңғыртылып жатыр. Елужылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқанМ-2 магистралінің құбыр диаметрі 500-ден 800 миллиметрге дейін ұлғайтылады. Бұл жүйеніңөткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

М-3 магистралі бойынша төрт желіні ауыстыружоспарланған. Олардың бірінің диаметрі 800-ден 1000 миллиметрге дейін кеңейтіледі. Негізгіжұмыстарды 2026–2027 жылдары орындаукөзделген.

Электр желілерін жаңғырту Әлихан Бөкейханауданы, Үзенка, ЖБИ, Оңтүстік-Шығыс және ЖаңаМайқұдық аумақтарында жүргізілуде. Үзенка мен ЖБИ-де бірінші кезеңде шамамен 25 шақырымжелі салынған және қайта жаңғыртылған. Екіншікезеңде тағы 40 шақырым желіні қамтужоспарланған.

Осы жобалардың әрқайсысы тұрғындардыңкүнделікті тұрмысымен тікелей байланысты. Алайда олардың орындалуын тек құрылысжұмыстарының аяқталуымен шектеуге болмайды. Электр желілеріндегі апаттардың, жылужоғалтудың және инженерлік жүйелердегіақаулардың азаюы да бағалануы қажет.

Жоспардың орындалуы қалай бағаланады?

Президенттің 2026 жылғы Жолдауында іріқалалардың орта және ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеу, инфрақұрылымдықжобалардың орындалуын цифрлық құралдарарқылы бақылау міндеті белгіленді. Соныменқатар, 2029 жылдың соңына дейінинфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қорданшамамен 6,5 триллион теңге бағыттау көзделген.

Бұл міндеттер Қарағандының даму жобаларыменде сабақтас. Қалада тұрғын үй құрылысы, инженерлік желілерді жаңарту, жол салу, газдандыру және әлеуметтік нысандарды дамытужұмыстары қатар жүргізілуде.

Жобалардың орындалуы бірнеше көрсеткішбойынша бағаланады: белгіленген мерзімніңсақталуы, бөлінген қаржының игерілуі, коммуналдық желілердің тозу деңгейініңтөмендеуі, әлеуметтік нысандардың пайдалануғаберілуі және тұрғындарға көрсетілетінқызметтердің қолжетімділігі.

Қарағандыдағы 108 инфрақұрылымдық жобаныңжалпы құны 223 миллиард теңгені құрайды. Олардың аясында 438 шақырым инженерлік желініжаңарту жоспарланған. Ал жаңа аудан құрылысы 7 мыңнан астам пәтермен қатар бес мектеп, жетібалабақша және аурухана кешенін салуды қамтиды.

Көлік инфрақұрылымындағы негізгі жобалардыңбірі – Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыстыбайланыстыратын алты шақырымдық магистраль. Оның құрылысын 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Энергетикалық нысандарды жаңғыртужұмыстарының бір бөлігі 2028 жылға дейінжалғасады.

Осылайша, Қарағандының даму жоспары бірнешежылға арналған инфрақұрылымдық жәнеәлеуметтік жобаларды біріктіреді. Олардың нақтыорындалу мерзімі мен нәтижелері белгіленгенкезеңдер бойынша айқындалатын болады.

Аида РАХЫМҚҰЛ
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button