Құқықтық жаңғыру қоғам сенімін нығайтады
Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова Құрылтай мінберінен конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

Эльвира Әзімова Жолдауда жаңа конституциялық қағидаттар заңнаманы жүйелі жаңартуды, құқықтық олқылықты жою мен тәуекел атаулысының алдын алуды талап ететінін қадап айтты. Конституциялық Соттың ұстанымы заң жобасы әзірленіп жатқан кезде ескерілуге тиістігіне саяды. Бүгінде 23 норма мен бір конституциялық заң Конституцияға сәйкес деп танылып, 19 нормаға конституциялық-құқықтық түсіндірме ұсынылды. Мыңнан астам сот актісінде Конституциялық Сот қаулысына сілтеме бар. Жоғарғы Соттың жеті нормативтік қаулысы сол ұстанымға сәйкестендірілді.
Басым бағыттар қатарында салалық заңнаманы кешенді жаңарту, азаматтық процестік, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңдар бір-бірінен бөлек жамалмай, материалдық және процестік норманың байланысында жетілдірілуге тиіс. Жаңа Азаматтық кодекс әзірленгенде меншікті қорғау, жеке өмірге қол сұқпау, шарт еркіндігі, тараптардың теңдігі және шектеудің мөлшерлестігі ескерілмегі айқындалды. Сот билігінің тәуелсіздігіне зер салсчақ, заң сот орнына үкім шығармасы аян. Заң тек төреліктің құқықтық шеңберін сызады. Кейбір норма соттың қалауын шамадан тыс қысып, істің нәтижесін алдын ала жазып қоюы кәдік. Мұндай ережеге жеке талдау қажет болады.
Әсіресе, цифрландыру мен жасанды интеллект жағдайындағы кепілдік аясында заң алгоритмнің шегін, жауапкершіліктің иесін, ашықтық пен тексеру мүмкіндігінің айқындалмағы абзал. Мемлекеттік институт өзгергенде құқықтық сабақтастық ортаға шығады. Өкілеттік қайта бөлінсе, құзырет нақты ажыратылады, қайталанатын функция жойылады, жауапкершілік аталады. Азаматқа «бұл енді басқа ведомство» деген сылтау өзексіз болды. Және конституциялық-құқықтық мәдениет. Халық Конституциясын білу аздық етеді. Әр азамат өз құқығы мен міндетін, қорғану тәсілін және заңды сақтау жауапкершілігін түсінуі де түйсінуінің де өмірлік мәні бар. Мемлекеттік қызметші, судья, адвокат, прокурор сол мәдениеттің кәсіби темірқазығы.
Осы қатарда «Заң мен Тәртіп» пен «Адал азамат» қағидаты бір қатарда тұр. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев заңнама үстемдігін нақты міндетпен байланыстырды.
– Өз тарапымыздан жаңа Конституцияның адам мен оның өмір сапасы басымдық болып табылатын қағидаттарының нақты істерде көрініс табуы үшін дәйекті түрде жұмыс істейтін боламыз. Сондықтан облыстық бюджеттің 50 пайыздан астамын әлеуметтік салаға бағыттаймыз, – деген оң пікір білдірді.
Облыс әкімі мектеп пен медицина нысандарының салынып жатқанын, жол инфрақұрылымының дамып, қосымша жұмыс орындары ашылып жатқанын тілге тиек етті. Елдімекендерді орталықтандырылған сумен қамтуды да осы қатарға балады. Себебі адамның өмір сапасы Конституциядағы ең негізгі басымдықтардың бірінен.
– Мемлекет басшысы жастарды құқықтық тәрбиелеу қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Біздің бастамамызбен облыста «Құқық тәртібінің әліппесі» жобасы жүзеге асырылуда. Мақсатымыз – баршаға мемлекеттік органдардың жұмысын көрнекі түрде көрсету, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту. Қылмыстық-атқару қызметі заңның үстемдігі қағидатын қамтамасыз етуге тікелей қатысады», – облыс прокурорының орынбасары Айдын Раев.
Өз кезегінде сот төрелігінің конституциялық құрылымы биыл күшейтілді. Сот ісін жүргізу нысандары көбейді, судья тәуелсіздігі беки түсті, адвокатураның мәртебесі алғаш рет Ата Заңда нақтыланды. Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мұны адам құқығын қорғау кепілдігін арттырып, қоғамның сотқа деген сенімін нығайтатын қадам деп бағалады. Мұнда да цифрландырудың шегі маңызды. Іс жүргізу жеделдеген сайын, адамның сотты көзімен көру, дәлелді ауызша айту, шешімге шағым түсіру құқығы қысқармағы оңтайлы.
Бүгін әділдік іздеген адам табалдырық тоздырмайды. Өз құқығын қорғай алған азамат өзін дәрменсіз сезінбейді. Құқықтық мемлекеттің шынайы келбеті осындай қарапайым, бірақ биік талаптардан танылып келеді. Ата Заңның әр қағидаты осы селкеусіз сенімді орнықтыруға қызмет етіп, азаматтық қоғам таңдауының ақталғаны бірегей мұратымыздың орындалғаны деп білеміз.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»



