Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық спортшылар әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Қарағанды облысының джиу-джитсу шеберлері Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өтіп жатқан әлем чемпионатында бес жүлдеге қол жеткізді. Оның төртеуі – күміс, біреуі – қола медаль.

Қыздар арасында Ратмира Мамедова мен Аққу Ысқақова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ратмира күміс медаль иеленсе, Аққу жасөспірімдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш күміс медальді Қарағанды облысының спортшылары салды. Атап айтқанда, Айзада Айтым 40 келі, Ислам Жолдыбек 41 келі, Әділ Ғабдулманат 45 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



