Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
13 қарашада Қарағанды қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарға ауа сапасына назар аударуды ескертті.Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға желдің болмауы,баяу жел, тұман және температуралық инверсия жатады. Мұндай құбылыстар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
Мамандар бұл күндері тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесінде мәселесі бар адамдарға, ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



