Жаңалықтар

Бұқар жырау ауданы тұрғындары Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі жиынға қатысты

Бұқар жырау ауданының әкімдігінде Президентіміздің жуырдағы Қазақстан Халқына “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” Жолдауын жүзеге асыру жөнінде жиын өтіп, оған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, ардагерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жиынды ашқан Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Серік Әміралин:–Биылғы Жолдау ел тәуелсіздігінің 35 жылдығы және 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияны іске асыру кезеңінде ұсынылды.


Жолдаудың табысты орындалуы халықтың әл-ауқаты мен елдің тұрақты дамуына тікелей байланысты. Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бәріміз оны жүзеге асыруға жұмыла атсалысуымыз керек,–деді.

Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, облыс халқының әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі өкілі Гаухар Ақыжанова Жолдаудың негізгі бағыттары туралы ой қозғады.


Сол бойынша Бұқар жырау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Тимур Құтжанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дидар Ақышев, аудандық білім бөлімінің басшысы Абылай Жәлелов, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернат Әбутаев сөйлеп, өз салаларында Жолдауды жүзеге асыруға бағытталып, белгіленген жоспарлары туралы баяндады.

Жиын барысында талқыланған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының осы Халыққа Жолдауын аудан көлемінде жүзеге асыру мақсатында қарар қабылданды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button