Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда сарбаздар әскери ант қабылдайды

31 қазан күні сағат 10:00-де Қарағанды қаласындағы  Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімі өтеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Әскери ант – әрбір жауынгердің Отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға адалдық танытатын маңызды сәті. Осы күні жас сарбаздар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Конституция мен заң талаптарын сақтауға, әскери міндеттерін абыроймен атқарып, Отанды қорғауға салтанатты түрде серт береді.

Рәсімге әскери бөлімнің жеке құрамы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысады.

Бұл күн жас жауынгерлер үшін әскери қызметтің жаңа кезеңіне бастау болмақ. Әскери ант олардың ел алдындағы борышына деген адалдығы мен жауынгерлік дәстүрлерге құрметін айқындайды.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі, 93/2, 6505 әскери бөлімі.

Уақыты: 31 қазан, сағат 10:00.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button