Бас тақырыпЖаңалықтар
TikTok-тағы әдепсіз әрекеті үшін Қарағанды облысының тұрғынына айыппұл салынды
Қарағанды облысында TikTok желісінде әдепсіз әрекеттер жасаған әйелге айыппұл салынды. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері TikTok платформасынан әйелдің бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын бұзғаны бейнеленген видеоны тапқан. Тексеру барысында оның жеке басы анықталды. Ол – 1992 жылы туған, Нұра ауданының тұрғыны Динара Макаш.
Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтап, заң талаптарын бұзбауға шақырады. Интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін мониторинг жұмыстары жалғасады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



