Жаңалықтар

Теміртауда қала күні тойланды

Теміртау қаласы құрылуының 81 жылдығы салтанатты түрде аталып өтіп, бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары ағаш отырғызу акциясына қатысып, жергілікті өнерпаздар мен осы қала күніне арнайы шақырылған әншілердің концертін тамашалады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Ағаш отырғызу акциясында Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаев өзі бас болып “Бірлік” скверінде 100 тал көшетін отырғызып,

одан кейін концерттік бағдарламаға кезек берілді.

Қала алаңындағы концерт шымылдығы “Жауыртау–бабалар жолы” театрландырылған прологымен ашылып,

“Арай” ансамблі, “Мираж”, “Афро Тропикана”,”Дакелот” топтары мен “Шайн-Шоу” балеті өнер көрсетіп, Гүлмира Ізбасқанова, Балжан Бидаш пен Бейбіт Қорған ән шырқады.

Ержан Имаш,
ТЕМІРТАУ

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button