Жаңалықтар

Қарағандыда 36,7 шақырым су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

Қарағандыда қаланың инженерлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Биыл «Қарағанды Су» компаниясы су құбыры мен кәріз желілерін жаңғыртуға бағытталған 28 жобаны жүзеге асырып жатыр.

Суреттер облыс әкімдігінен

Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 36,7 шақырым инженерлік желі жаңартылады. Оның 26,5 шақырымы сумен жабдықтау жүйесіне, ал 10,2 шақырымы су бұру желілеріне тиесілі.

Қазіргі уақытта жобалардың бірі Четская көшесінде жүргізілуде. Мұнда Бұқар жырау даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі аралықта, сондай-ақ Гарибальди, Вавилов және Четская көшелерінде су құбырлары ауыстырылып жатыр.

Жаңғыртылатын учаскенің жалпы ұзындығы 4,2 шақырымды құрайды. Қазір оның 2,8 шақырымнан астам бөлігінде құбырлар ауыстырылған. Қалған жұмыстар жалғасып жатыр.

Жобаларды іске асыру инженерлік желілердің тозуын азайтуға, су құбырларындағы апат қаупін төмендетуге және қаланы сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәріз желілерін жаңарту су бұру жүйесінің жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button