Спорт

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Сурет ҰОК

Аралас командалар арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылар 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді 299,2117 ұпай жинаған Қытай құрамасы жеңіп алды. Жапония 286,2688 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Азиаданың кезекті қола медалі түсті.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button