ЖаңалықтарСпорт
Азия ойындарынан оралған спортшыларды Астана төрінде қарсы алды
Астана Азия ойындарынан елге оралған спортшыларды зор қошеметпен қарсы алды.

Елорда әуежайында спортшыларды туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері күтіп алып, жеңістерімен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді. Ұлттық дәстүрге сай қарсы алу рәсімінде спортшыларға бауырсақ ұсынылып, ақжолтай тілектер айтылды.

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, қоржынға бірқатар жүлде салды. Олардың әрбір жетістігі жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, көк байрақтың мәртебесін асқақтатты.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



