Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді
25-27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді.

Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.
Бағдарлама:
– 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы.
Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.
Уақыты: 19:00;
– 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы.
Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы.
Уақыты: 17:00;
– 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.
Уақыты: 19:00.
Баршаңызды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырамыз!
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі



