Бас тақырыпРесми
Мемлекет басшысы ОСК-ның жаңа мүшелерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алты жаңа мүшесі тағайындалды. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Әсел Болатқазықызы Жанәбілова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Ләззат Кенесқызы Сүйіндік Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Шавхат Әнесұлы Өтемісов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Ақорда



