Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі аралас жекпе-жектің жеңімпазы атанды

Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияның Айчи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында дәстүрлі аралас жекпе-жектен чемпион атанды.

Сурет ҰОК

77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркінғали Бүркіталин финалда Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевпен кездесті. Қазақстандық жауынгер қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесіне ие болды.

Осы нәтижемен Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы бесінші алтын медальді әкелді.

Айта кетейік, Айчи-Нагоядағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button