Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстан АЭХА Бас конференциясында атом саласындағы басымдықтарын таныстырды

2026 жылғы 15 қыркүйекте Венада АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясы өтіп, онда Қазақстан делегациясының басшысы, Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин ұлттық мәлімдеме жасады.

Cуреттер Атом энергиясы агенттігінен

Ол Қазақстанның атом энергетикасы мен өнеркәсібін, ядролық ғылым мен медицинаны дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге басымдық беретінін атап өтті.

Мәлімдемеде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына да тоқталды. Қазақстан ядролық қарусыздану және қаруды таратпау міндеттемелеріне бейілділігін растап, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін жеделдетуге шақырды.

Сондай-ақ 2050 жылға дейінгі атом саласын дамыту стратегиясы аясында энергетика, өнеркәсіп, ғылым, білім және жоғары технологияларды біріктіретін ұлттық ядролық кластер қалыптастыру жоспарлары айтылды.

Қазақстан АЭХА-мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті. 2036 жылға дейінгі Жол картасы атом энергетикасы, ядролық медицина, ғылым, қауіпсіздік және кадр даярлау бағыттарын қамтиды.

«Бейбітшілікке, ғылымға және адамзат игілігіне қызмет ететін атом қорқыныштың емес, энергияның, прогресс пен үміттің көзіне айнала алады.Әлемге, ғылымға және адамзатқа қызмет ететін Атом қорқыныш көзі емес, энергия, прогресс және үміт көзі бола алады”, — деп атап өтті Ғұмар Серғазин

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button