Бас тақырыпСпорт
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы жүлде алды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Нью-Йорктегі зәулім ғимараттардың фонында жүлдемен суретке түскен Елена Рыбакинаның фотоларын жариялады.
Спортшының қолындағы жүлде күмістен жасалған теннис добы түрінде орындалған. Оның бетінде теннис әлемін бейнелейтін жұлдыздар картасы бейнеленген.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Sport.kz



