Оқырман назарындағы 95 жыл
Бүгін – Арқа ақпарат кеңістігінің байырғы басылымы, «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің құрамындағы Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің алғашқы саны жарық көрген күн. Осыдан тура 95 жыл бұрын, 1931 жылдың 11 қыркүйегінде «Большевистская кочегарка» атауымен оқырманға жол тартқан газет бүгінде өндірісті өлкенің айнасына айналды.

Мерейтойға орай «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінде салтанатты жиын өтті.

Оған Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аймағамбетов қатысты.

Жиын барысында ол «Индустриальная Караганда» газетінің өңірдің қоғамдық өмірі мен дамуындағы айрықша орнына тоқталып, басылым ұжымының шығармашылық еңбегін жоғары бағалады.

Бірқатар қызметкерге облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаттары табысталды.

Медиахолдинг басшысы Қайрат Әбілда да газет ұжымының шығармашылық әлеуетіне жоғары баға беріп, өз ісінің майталмандарын марапаттады.

Мерейтой иелерін құттықтаған «Ortalyq Qazaqstan» газетінің ұжымы қазақы дәстүрмен ақжолтай тілегін білдіріп, қуаныштарына ортақтасты.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



