Жаңалықтар

Әскери қызметшілер арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы өтеді

Қарағанды облысында әскери қызметшілер арасында халқымыздың баһадүрлік рухын дәріптеуге бағытталған «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы ұйымдастырылады. Байқау аясында қатысушылар қазақтың даңқты қолбасшысы Бөгенбай батырға арналған жырды жатқа мәнерлеп оқудан сынға түседі.

Cуреттер ЖИ арқылы жасалды

Жобаның негізгі мақсаты – ел қорғаны болып жүрген әскери қызметшілер арасында қазақ халқының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және жас сарбаздардың отансүйгіштік рухын нығайту.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Алғашқы кезең әскери бөлімдер арасында ұйымдастырылса, үздік деп танылған қатысушылар облыстық қорытынды кезеңде бақ сынайды.

Жобаға Қарағанды облысының аумағында орналасқан әскери бөлімдердің сарбаздары мен оларды дайындаған әскери жетекшілері қатыса алады. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілері арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болады.

Байқаудың қорытынды кезеңі  25 қазанға дейін өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін saryarqa-jastary.kz сайтына кіріп, «Жобалар» – «Тұлпар мініп, ту алған!» бөлімі арқылы тіркеліп, өтінім жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін:+7 700 155 10 60 нөміріне хабарласу қажет.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button