Бас тақырып

Оқушылар арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы басталды

Қарағанды облысының 6-10 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған!» атты облыстық байқауы басталды. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Байқауға қатысуға ниетті оқушылар мен жетекші ұстаздар saryarqa-jastary.kz сайтына өтіп, «Жобалар» – «Тұлпар мініп, ту алған!» бөлімінде тіркелуі және өтінімдерін жолдауы қажет.
Байқауға негіз болатын Сүлеймен Жаңбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жырын және доданың толық ережесін жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы жүктеп ала аласыздар.

Ұлттық рухты ұлықтап, сөз өнерін серік еткен барша талапкерлерді байқауға белсене қатысуға шақырамыз! Тұлпар мініп, ту алар шақ – бүгін!

Қосымша ақпарат алу үшін +7 700 155 10 60 нөміріне хабарласу қажет.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button