«Сарыарқа» кезекті ойында «Ақтөбені» 9:5 есебімен жеңді
Қарағандылық «Сарыарқа» Қазақстан чемпионатының кезекті матчында «Ақтөбеден» басым түсті. Кездесу тартысты өтіп, алаң иелері қарсылас қақпасына тоғыз шайба соқты.

Матчтың алғашқы кезеңінде «Сарыарқаның» сапындағы Руслан Демин екі рет мергендік танытса, Данила Карабань бір шайба соқты. «Ақтөбе» сапынан Алексей Козорез гол авторы атанды.
Екінші кезеңде қарағандылықтар шабуылын күшейтіп, тағы бес шайба соқты. Данила Карабань дубль жасап, Руслан Демин, Егор Смольянинов және Евгений Королинский де мергендік танытты. Қонақтар Максим Базанов пен Галиаскар Аиповтың голдарымен жауап берді.
Үшінші кезеңде Егор Смольянинов «Сарыарқаның» қоржынына тағы бір шайба салды. Ал «Ақтөбе» сапынан Михаил Калиниченко мен Владислав Плотников нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті.
Осылайша, матч 9:5 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына аяқталды. Екі команда бір ойында жалпы 14 шайба соқты.
«Сарыарқа» келесі кездесуін 10 қыркүйекте Қарағандыда Өскеменнің «Торпедосына» қарсы өткізеді. Ал «Ақтөбе» 11 қыркүйекте өз алаңында Көкшетаудың «Арланын» қабылдайды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



