Қарағандыдағы Шахтерлер күніне арналған концертте 200 ерікті жұмыс істейді
29 тамызда Қарағандыда өтетін Шахтерлер күніне арналған мерекелік концерт кезінде көрермендерге 200 ерікті көмек көрсетеді.

Арнайы жилет немесе футболка киген волонтерлер концерт алаңында жұмыс істейді. Олар қонақтарға қажетті кіреберісті, автобустардың аялдамаларын, санитарлық аймақ пен медициналық пунктті табуға көмектеседі.
Сондай-ақ бала жоғалған немесе жеке заттар жоғалып кеткен жағдайда еріктілер көмек көрсетіп, азаматтарды арнайы штабқа бағыттайды.
Қозғалысы шектеулі адамдарға да волонтерлер сүйемелдеу қызметін ұсынады. Ал шетелдік қонақтарға ағылшын тілін білетін еріктілер ақпараттық қолдау көрсетеді.
Ұйымдастырушылар концертке келушілерге кез келген ұйымдастыру мәселесі бойынша арнайы киімдегі еріктілерге жүгінуге кеңес береді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



