Бас тақырыпЖаңалықтар

28 тамыз – ұлт руханиятына еңбек сіңірген Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының докторы  Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толды.

Суреттер e-history.kz

Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Түркістан облысының Отырар өңірінде дүниеге келген. Ол өмірінің басым бөлігін мемлекеттік қызметке, мәдениет пен ұлттық мұраны дамытуға арнады.

Оның есімі қазақ мәдениетін жаңғырту ісімен тығыз байланысты. Жәнібеков музей ісін дамытуға, тарихи ескерткіштерді қорғауға және ұлттық өнерді зерттеуге ерекше мән берді. Ол қазақтың дәстүрлі қолөнері, ұлттық киімі, фольклоры мен тарихи мұралары туралы еңбектер жазды.

Қайраткердің бастамасымен тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен қалпына келтіруге басымдық берілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да тарихи нысандарды сақтау мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ қазақтың ұлттық мәдениетінің маңызды белгілерін қайта жаңғыртуға күш салды.

Тарихи тұлғаның ел тарихындағы ең үлкен еңбектерінің бірі – Наурыз мерекесін қайта жаңғыртуы. Кеңес дәуірінде ұзақ уақыт тойланбаған ұлттық мерекенің қайта оралуына оның бастамалары мен табанды еңбегі себеп болды.

1988 жылы Наурыз мейрамы ресми түрде қайта аталып өте бастады.

Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы – ұлттық құндылықтарды сақтауға және елдің мәдени мұрасын дәріптеуге арналған қызметтің үлгісі. Оның еңбектері мен бастамалары қазақ тарихы мен мәдениетін зерттейтін кейінгі буын үшін маңызды мұра болып қала береді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button