Бұқар жырауЖаңалықтар
Доскей аулының кәріз жүйелерін жаңғырту аяқталды
Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында кәріз жүйелері 2024 жылдың көктемінен бері жаңғыртылып жатқан еді. Қазір бұл жұмыстарды жүргізген мердігер “СЕРВИС НС” ЖШС оны толығымен аяқтап шықты.

Осы мерзім ішінде ауылдың Әбілхасен, Набережная, Степная, Асылбеков, Фабричная, Садовая, Гагарин, Мир, Школьная, Доскей көшелеріне жаңа кәріз жүйелері төселіп, құдықтары қазылып, орнатылды. Төселген кәріз құбырларының ұзындығы 18 шақырымды құрайды.
Барлық ағын сулар бұдан былай Сарыарқа ЕЭА аумағына ағып барып, сосын осы кәріздік-тазарту жүйелеріне құйылады.
Енді бұл кәріз жүйелерін іске қосып, пайдалануға берудің құжаттары әзірленуде.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



