Бұқар жырауАймақ

Бұқар жырау ауданында Тамыз кеңесі өтті

Бұқар жырау ауданында жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындық аясында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Кеңес «Жаңа Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Тамыз кеңесінің негізгі мақсаты – 2025-2026 оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін саралау, білім беру саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылау және жаңа оқу жылына арналған басым міндеттерді айқындау.

Жиын барысында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық қолдау, қосымша біліммен қамту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Кеңесте ауданның білім беру жүйесінде жеткен жетістіктері, педагогтердің еңбегі жоғары бағаланды.

Бірқатар білім саласының қызметкерлері Қазақстандық салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ облыстық білім басқармасы мен Бұқар жырау ауданы әкімдігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button