Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанның Еңбек Ері Георгий Прокоп дауыс беруге қатысты

Қазақстанның Еңбек Ері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы, «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп кәсіпорын ұжымымен бірге Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Георгий Прокоптың айтуынша, сайлауға қатысу – әрбір азамат үшін өз ұстанымын білдіріп, ел болашағына үлес қосуға мүмкіндік.

«Әрбір азамат үшін сайлауға қатысу – өз ұстанымын білдіріп, ел болашағына үлес қосу мүмкіндігі. „Шахтерское“ ЖШС ұжымы осы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға жауапкершілікпен қарады», – деп атап өтті Георгий Прокоп.

Еңбек ұжымдары өкілдерінің дауыс беруге қатысуы азаматтық борышқа деген жауапкершілікті және Қарағанды облысы тұрғындарының белсенді ұстанымын көрсетеді.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button