ЖаңалықтарБас тақырып

Qarmet металлургиялық комбинатында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін, 23 тамыз, сағат 6:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны дәстүрлі түрде орындалғаннан кейін Qarmet металлургиялық комбинатының аумағында екі сайлау учаскесі ашылды.

Суреттер Qarmet ресми парақшасынан

Комбинаттағы өндіріс бір минутқа да тоқтаған жоқ. Бүгін ауысымда бір мезетте шамамен 4 700 металлург – болат балқытушылар, прокатшылар, энергетиктер, жөндеу қызметінің мамандары және басқа да өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Дауыс беруге Qarmet кеншілері де белсенді қатысуда. Олар өз дауыстарын кеншілер өңірінің қалаларындағы сайлау учаскелерінде береді.

Үздіксіз өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін Qarmet басшылығы екі учаскенің жұмысына қажетті барлық жағдайды жасады.

Дауыс беру кәсіпорынның ауысымдық жұмыс кестесін ескере отырып, күні бойы жалғасады.

Qarmet үшін бұл, ең алдымен, 23 тамызда жұмыста болып, еліміздегі ең ірі металлургиялық кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған мыңдаған қызметкердің дауыс беруіне мүмкіндік беру.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button