АймақБас тақырыпЖаңалықтарШахтинск

Шахтинскідегі шахталарға апаратын жолдар ретке келтірілуде

Шахтинскіде өндірістік нысандарға апаратын жолдарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Ленин атындағы және «Қазақстан» шахталарына кірме жолдар да ретке келтірілуде. Бұл туралы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жұмыстар облыстағы жол инфрақұрылымын жаңарту жоспары аясында жүзеге асуда. Биыл Шахтинскіде облыстық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 26,2 шақырым болатын алты учаскесін жөндеу жобасы іске асырылып жатыр.

Жауапты басқарма басшысы Мақсұт Қожановтың айтуынша, облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес Ленин және «Қазақстан» шахталарына апаратын кірме жолдардың жағдайын жақсартуға да басымдық берілген.

Жалпы 2026 жылы Қарағанды облысында жол-көлік инфрақұрылымын жаңартуға ауқымды қаржы бағытталып, шамамен 500 шақырым автожолды, сондай-ақ төрт көпір мен бір жол өткелін жөндеу және реконструкциялау жоспарланған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ 
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button