Бас тақырыпЖаңалықтар

Бір апта ішінде елімізде алма мен жаңа піскен көкөністердің бағасы төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  19 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Атап айтқанда, пияз 4,9%-ға, картоп 4,1%-ға, алма 2,7%-ға, ақ қауданды қырыққабат 2,2%-ға, сәбіз 1,9%-ға, қияр 1,5%-ға арзандады. Сондай-ақ қой еті, оның ішінде сүйексіз ет бағасы 0,6%-ға, қызанақ 0,4%-ға төмендеді. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының, қаймақтың, сары майдың және тұздың бағасы өзгерген жоқ.

Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қарағандыда 0,7%-ға, Көкшетау мен Өскеменде 0,5%-ға, Қонаевта 0,4%-ға, Жезқазған мен Талдықорғанда 0,3%-ға төмендеді. Астана, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 188 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістанда – 135 теңге. Картоптың орташа бағасы 248 теңге болса, ең қолжетімді баға Павлодарда – 180 теңге және Түркістанда – 218 теңге деңгейінде қалыптасты.

Алманың орташа бағасы килограмына 776 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте тіркеліп, 639 теңгені құрады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button