АбайАймақБас тақырып

Облыс әкімі Абай ауданын аралап, халықпен кездесті

Бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары барысында қалалық нысандардың даму барысын бақылап, халықпен кездесті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Облыс әкімі бірінші кезекте Дубовка ауылында болып, “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша жасалған жолдардың орташа жөндеуі, жабық кәріз жүйесінің құрылысымен, үйлердің жаңа қоршауларымен танысты.

Бұдан кейін облыс әкімі “Шығыс” шаруа қожалығында салынып біткен, бір мезгілде 1,5 мың тонна астық сақтайтын қамба мен 1 мың басқа дейін ірі қара мал ұстайтын ферманың құрылысын көрді.

“Жанат” өндірістік кооперативінің картоп сұрыптау учаскесінде,

6 мың тонналық “Достық-2009” ЖШС  қоймасының, сондай-ақ “Юбилейное” шаруа қожалығындағы 4 мың тонналық картоп қоймасының құрылыстары басында болды.


Абай ауданына жұмыс сапары барысында Ермағанбет Қабдулаұлы Юбилейное ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Топар кентіндегі Шерубай-Нұра су қоймасы жағалауындағы туристік инфрақұрылымның дамуын бақылап, Абай қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барды.

Магистралдық жылу тораптарының, қала көшелерінің жаңғыртылуына да назар аударды.

Одан әрі облыс басшысы осында ашылған Ұзақ өмір сүру орталығы, футбол алаңын жаңғыртып жатқан “Жігер” стадионын аралады.

Сапар соңында Ермағанбет Қабдулаұлы аудандық Мәдениет үйінде халықпен кездесіп,

аудан тұрғындарын жеке қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button