Бас тақырыпЖаңалықтар

Шет ауданында жол апатынан екі қырғызстандық көз жұмды

Шет ауданында болған жол апатынан Қырғызстанның екі азаматы жол апатына ұшырап, тағы бір адам жарақат алды. Оқиғаға қатысты мәліметті Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
Сурет ЖИ арқылы жасалды
1966 жылы туған И. А. А. есімді азамат жол апатынан жарақат алып, Шет аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қырғызстанның тағы екі азаматы — 1963 жылы туған И. Г. В. және 1974 жылы туған Е. Е. Ю. оқиға орнында көз жұмды. Марқұмдардың денелерін туыстары Қырғызстанға жеткізу үшін алып кеткен.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі зардап шеккендердің туыстарымен, қазақстандық құзырлы органдармен және медициналық мекемемен тұрақты байланыста.

Қырғызстан СІМ мәліметінше, елшілік жағдайды бақылауда ұстап, қажетті мәселелер бойынша көмек көрсетіп жатыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button