ҚарқаралыЖаңалықтарСпорт

Нұркен Әбдіровтың туған күніне орай облыстық жарыс өтті

Қазақтың қаһарман ұлы, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған күніне орай Қарқаралыда облыстық деңгейде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық додаға өңірдің әр аймағынан келген 13 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Сурет Нұркен ауылының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жарыс тартысты өтіп, командалар топтық кезеңде шеберліктерін сарапқа салды. Топтағы ойындардың қорытындысы бойынша алғашқы екі орынға ие болған командалар жарыстың келесі кезеңіне, яғни ширек финалға жолдама алды. Осылайша, үздік командалар жүлделі орындар үшін бәсекені жалғастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды – Майқұдық, 2-орынды – Нұркен, 3-орынды – Қасым командасы иеленді. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен спортшылар да арнайы марапаттарға ие болды.«Үздік қорғаушы» аталымы «Татан» командасының ойыншысы Сәкен Берікке «Үздік қақпашы» –  атағы Қаратал командысының ойыншысы Рустем Байраққа табысталса, «Үздік ойыншы» атағын «Нұркен» командасының футболшысы Елнұр Хасенов иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button