Бас тақырыпСпорт

Астанадағы «Болашақ ойындарына» 50 елден 800 спортшы жиналды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турнирі аясындағы фиджитал-футбол жарысын тамашалап, қазақстандық командаларға қолдау көрсетті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Қазақстанда өтіп жатқан додаға әлемнің 50 елінен 800 спортшы қатысуда.

Ел намысын спорттың сегіз бағыты бойынша 11 команда қорғауда.

Министр турнирдің спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын маңызды халықаралық жоба екенін атап өтті. Оның айтуынша, жарысқа деген қызығушылық жоғары.

Қазіргі таңда турнир трансляцияларын 185 миллионға жуық көрермен тамашалаған.

Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылар мен волонтерлерге алғыс айтып, ұлттық командаларға сәттілік тіледі.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button