АймақТеміртау

Теміртаудың жаңа әкімі жұмысына кірісті

Теміртау қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Сапар Сатаев «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында алғашқы жұмыс сапарын өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Қала әкімі Теміртаудың орталық көшелерін аралап, қаланың санитарлық жағдайымен танысты.
Жұмыс сапары барысында Сапар Сатаев автомобиль жолдарының күтіп-ұсталуы, шөп шабу, ағаштарды әктеу, қураған ағаштар мен бұталарды тазалау, аялдама павильондарының, саябақтар мен гүлзарлардың жай-күйі, сондай-ақ қаланың жалпы келбетіне ерекше назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі тазалық пен тәртіп бір реттік шара емес, күнделікті жүйелі жұмыс болуы тиіс екенін атап өтті. Жауапты мекемелерге абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын күшейтіп, қоғамдық аумақтардың сапалы күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button