Бас тақырыпСпорт

Қарағанды боксшылары Азияны бағындырды

Индонезияда өткен жасөспірімдер (U19) мен жастар (U23) арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қарағанды облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына олар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль салып, Қазақстанның жалпыкомандалық есепте екінші орын алуына елеулі үлес қосты.

Сурет облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Индонезияда өткен жасөспірімдер (U19) мен жастар (U23) арасындағы бокстан Азия чемпионаты Қазақстан әйелдер құрамасы үшін сәтті аяқталды. Ұлттық құрама алты алтын, үш күміс және бес қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Өзбекстаннан кейінгі екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді.

Қазақстан құрамасының табысына Қарағанды облысының боксшылары қомақты үлес қосты. U19 жас санатында 70 келіге дейінгі салмақта Камила Оспанова финалда әлем чемпионы, өзбекстандық Мафтуна Янгиеваны 3:2 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

U19 санатындағы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Убайдуллақызы да алтын медаль жеңіп алды. Шешуші жекпе-жекте ол үндістандық Мегу Шеокандтан 3:2 есебімен басым түсті.

U23 жас санатында 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева финалда моңғолиялық қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңіп, құрлық чемпионы атанды. Ал 70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина өзбекстандық Хуморабону Мамажонованы 3:2 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Сонымен қатар, 51 келіге дейінгі салмақта Анита Адишева күміс жүлдеге ие болса, 60 келіге дейінгі салмақта Ермек Аяжан қола медаль жеңіп алды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button