АймақБас тақырыпҚарағанды

«Заң мен тәртіп»: Осакаров ауданында су айдындарындағы қауіпсіздікке бағытталған профилактикалық рейд өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Осакаров ауданы прокуратурасының бастамасымен төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Суреттер облыстық полиция департаментінен, видеодан скриншот

Іс-шара барысында Пионерское және Озерный ауылдық округтеріндегі су айдындарына рейд жүргізілді. Мамандар тыйым салынған орындарда шомылу фактілерін анықтап, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд кезінде азаматтарға суға тек рұқсат етілген орындарда түсу, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Мамандар мұндай алдын алу шараларының негізгі мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Осындай профилактикалық іс-шаралар аудан аумағында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button