АймақБас тақырып

“Астана – Теміртау” автожолына ақылды камералар орнатыла бастады

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысындағы “Астана – Теміртау” республикалық автожолында жасанды интеллектпен жабдықталған ақылды камералар орнатыла бастады. Жоба «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан жол саласын цифрландыру аясында жүзеге асырылуда.

Сурет облыс әкімдігінен

Ұзындығы 134 шақырым болатын жол бойында тіректер орнатылып, камералар, күн панельдері, жел генераторлары мен деректерді беру жабдықтарын монтаждауға дайындық жүріп жатыр. Жүйе автономды режимде жұмыс істеп, электр желісі жоқ учаскелерде де жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылайды.

Жасанды интеллект жолға шыққан жаяу жүргіншілер мен жануарларды, қарсы бағыттағы қозғалысты, кері жүрген көліктерді анықтап, көліктің мемлекеттік нөмірін, маркасы мен түсін таниды. Қауіпті жағдай тіркелсе, ақпарат бірден жауапты қызметтерге жіберіледі.

Қазір жоба “Алматы – Қонаев” ақылы жолында пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Толық іске қосылғаннан кейін барлық кешендер бірыңғай интеллектуалды мониторинг жүйесіне біріктіріліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button