Бас тақырып

Биыл облысты газдандыруға 10,2 млрд теңге бөлінді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыруды жеделдету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сурет Үкімет

Ол бүгінгі таңда облыста 647 шақырым газ тарату желілері салынғанын, 16 489 жеке тұрғын үйге газ тартылғанын атап өтті. Теміртау қаласын газбен қамту толығымен аяқталды.

– Биыл облыс бойынша газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 10,2 млрд теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен 2026 жылы 150 шақырым газ тарату желілерін салу жоспарлануда, оның 120-сы Қарағанды қаласында, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button