ЖаңалықтарБас тақырып

«Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын орташа жөндеу аясында 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жол жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Сурет ҚазАвтоЖол

Осыған байланысты 2026 жылғы 8–18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177–1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар 2026 жылғы 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121–1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады.

– Жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – дейді ҚазАвтоЖол.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button