АймақБас тақырыпБілім

ҚарТУ 16 білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстанда үздік деп танылды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) 2026 жылғы ұлттық рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Университеттің 16 білім беру бағдарламасы өз бағыттары бойынша Қазақстандағы үздік деп танылды.

Суреттер ҚарТУ-дан

Рейтинг қорытындысы бойынша жоғары оқу орны кадрлар даярлаудың барлық деңгейінде – бакалавриаттан докторантураға дейін жоғары көрсеткіштерге ие болып, еліміздің жетекші техникалық университеттерінің бірі мәртебесін тағы да растады.

Биыл университет Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «ТОП-20» бас рейтингінде 6-орынға тұрақтады. Ұлттық рейтингке оқу орнының 50 білім беру бағдарламасы енді.

Олардың 16-сы бірінші орынға ие болса, 31 бағдарлама Қазақстан бойынша үздік үштік қатарынан көрінді. Сондай-ақ 50 бағдарламаның 46-сы, яғни 92 пайызы елдегі үздік бес білім беру бағдарламасының қатарына енді.

Рейтинг нәтижелері университеттің білім беру сапасының жоғары деңгейін, ғылыми әлеуетін және түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысын көрсетеді. Сонымен қатар биыл рейтингке алғаш рет енгізілген бес бағдарламаның үшеуі инновациялық бағыттағы білім беру бағдарламалары.

Университет мәліметінше, 10 білім беру бағдарламасы өз позициясын жақсартып, оның үшеуі өз бағыттары бойынша көшбасшы атанған. 

Жетістіктер университеттің профессор-оқытушылар құрамы, зерттеушілері, студенттері және индустриялық серіктестерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта оқу орны білім беру бағдарламаларын жетілдіруді, заманауи оқыту технологияларын енгізуді және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жалғастырмақ.

 Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button