Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 23-1-н/қ бұйрығына сәйкес, биылғы 22 маусымда сағат 09:30-да Әлиханов көшесі, 13-үй мекенжайы бойынша «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қарағанды облысының Ақпараттық-талдау орталығы» КММ, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және «Saryarqa aqparat» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары»; Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 30.12.2022 жылғы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде жүргізілді.

СЖІТ мынадай принциптер негізінде жүргізіледі: 1) объективтілік; 2) шынайылық; 3) ашықтық; 4) жан-жақтылық.

СЖІТ жүргізу барысында рәсімдік бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жұмыс тобы талдау анықтамасын дайындады және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды талқылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім лауазымдардың тізілімі қаралып, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы келісілді, сондай-ақ, Басқарма мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

Жария талқылау барысында Басқарма басшысы жұмыста Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін кез келген заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысының  ішкі саясат басқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button