Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық боксшы қыздар Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында ел намысын қорғаған қарағандылық спортшылар – Аида Әбікеева мен Дина Исламбекова қола жүлдеге ие болды.

Суреттер бокс федерациясынан

65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева жартылай финалда Бразилияның атақты боксшысы, Токио және Париж Олимпиадасының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Беатриз Феррейрамен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте тәжірибелі қарсылас басым түсіп, төрешілер 0:5 есебін тіркеді. Соған қарамастан, Әбікеева Әлем кубогын қола медальмен аяқтады.

Ал аса ауыр салмақта сынға түскен Дина Исламбекова жартылай финалда Өзбекстанның мықтысы Олтиной Сотимбоевамен кездесті. Бұл қарсыластар биыл үшінші рет жолығып отыр. Кезекті кездесуде де өзбек спортшысы басымдық танытып, жекпе-жек 0:5 есебімен аяқталды.

Осылайша, қос қарағандылық боксшы халықаралық додада жүлдегер атанып, ел қоржынына екі қола медаль салды.

Айта кетейік, 70 келідегі қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының жартылай финалында биылғы Азия чемпионы Зейад Ишаишті (Иордания) жеңіп, финалға жолдама алды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button