Жаңалықтар

Қазақстан мектептері жасанды интеллектті тәжірибеде сынап жатыр

Қазақстандық WONK жасанды интеллект платформасы бүгінде еліміздің 33 мектебінде енгізіліп, шамамен 20 мың қолданушыны қамтып отыр. Жүйені мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар және мектеп әкімшіліктері пайдаланады. Бұл жайлы www.inform.kz мәлім етті. 

Сурет ЖИ

Платформа мектептердегі қағазбастылықты азайтуға бағытталған. WONK алгоритмдері сабақ кестесін автоматты түрде құрып, бұрын бірнеше аптаға созылатын жұмысты бірнеше сағатта орындай алады. Сондай-ақ, жүйе қысқа мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мен сабаққа арналған презентацияларды әзірлеуге көмектеседі. Әзірлеушілердің мәліметінше, бұл мұғалімдердің әкімшілік жүктемесін 40–60 пайызға дейін қысқартады.

Платформада оқу бағдарламасымен біріктірілген үш тілдегі ІІ-репетитор жұмыс істейді. Сонымен қатар оқушылар үшін мектеп психологтарымен анонимді чаттар іске қосылған. Компанияның айтуынша, цифрлық формат психологиялық көмекке жүгіну көрсеткішін бірнеше есе арттырған.

WONK жүйесі ата-аналарға баланың мектепке келуі мен кетуі туралы хабарламалар жіберіп, оқу үлгерімі жөнінде Telegram, WhatsApp және мобильді қосымша арқылы ақпарат ұсынады.

Жоба 2023 жылы қазақстандық әзірлеушілер тарапынан іске қосылған. Компания өкілдері жасанды интеллект мұғалімді алмастыру үшін емес, оның уақытын үнемдеп, білім беру сапасын арттыру үшін қолданылатынын атап өтті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button