ҚарқаралыАймақЖаңалықтарСпорт

Аламан бәйгенің бас жүлдесі Алматы облысына бұйырды

Фестиваль аясында көпшілік асыға күткен аламан бәйге де өз мәресіне жетті. Қарқаралы баурайындағы дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен келген жүйріктер бақ сынап, шабандоздар мен бапкерлер аттың бабы мен бағы қатар сыналар сәтте бар шеберлігін көрсетті.

Сурет газеттің мұрағатынан

Аламан бәйгенің бас жүлдесі – (Changan автокөлігі) Алматы облысы, Балқаш ауданынан келген “Байқоңыр” есімді жүйрікке бұйырды. Ат иесі – Сапарғали Сәтбаев, бапкері – Жамбыл Бөбекпаев.

ІІ орынды жерлесіміз Боран Тергеубековтың “Көкшоқайы” иеленсе, ІІІ орын Жамбыл облысынан келген Әділет Ноқатайдың баптауындағы “Аврора” есімді тұлпарға берілді.

Төртінші орынды Қордайдан келген жүйрік түйіндеді. Ал үздік бестікті Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылынан келген “Жібек” есімді тұлпар қорытындылады. Ат иесі – Афтандил Әскеров. Осылайша, аламан бәйге фестивальдің әсерлі әрі тартысты бәсекелерінің бірі болып, ұлттық думанның көркін қыздырды.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button