Бас тақырыпСпорт
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Португалиямен тең ойнады
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Отандастарымыз алғашқы матчта Португалия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің бірінші таймы голсыз аяқталды. Екінші таймның соңына қарай португалиялық Эдуарду Феррейра есеп ашқанымен, 86-минутта испаниялық «Леванте» клубының ойыншысы Алдияр Нұрғали таразы басын теңестіріп, Қазақстан құрамасына маңызды бір ұпай сыйлады.
Бірінші турдан кейін Қазақстан мен Португалия құрамалары бір ұпайдан жинап, 6-топта көш бастап тұр. Бұл топта сондай-ақ Грекия мен Сербия құрамалары өнер көрсетеді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



