Бас тақырыпБілім

Үш аптада 115 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

10 мамырда басталған негізгі ҰБТ осы уақытқа дейін 139 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 71 пайызы қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, ал 259 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Сурет ЖИ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ны өткізудің үш аптасында 283 ереже бұзушылық анықталды. 168 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микроқұлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 115 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 65 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Бұл көрсеткішке Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир қол жеткізді.

Айта кетейік, 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе өзге де ереже бұзушылықтар анықталса, тест нәтижелері жойылады.

Сәнерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ  курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button