АймақБас тақырыпСаран
Ақтаста денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Бүгін Ақтас кентінде жаңа Денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, пайдалануға берілді.


Бұл нысанның ашылу салтанатында облыс әкімі Ермағамбет Қабдулаұлы Бөлекпаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа кешенге теледидар сыйлап, спорт залдары мен бөлмелерін аралап көріп, жаттығу жасап жатқан жас жеткіншектермен ескерткіш суретке түсті.



Сондай-ақ салтанатта құттықтау сөз сөйлеген “Аманат” партиясы облыстық бөлімшесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков пен күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Мұсабеков алдағы уақытта бұл кешенде жаттыққан балалар арасынан елімізді әлемге танытатын спортшылардың шығуына тілектестігін білдірді. Бұл туралы газетіміздің келесі санынан толық оқи аласыздар.


Ержан ИМАШ
Ақтас кенті



